Cудьялардың цифрлық білімін дамыту мен жетілдірудің кейбір мәселелері


Қаралымдар: 90 / PDF жүктеулері: 177

Авторлар

  • Д.Р. Eгежанова Alikhan Bokeikhan University, Семей, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-143-2-21-31

Кілт сөздер:

цифрландыру, сот төрелігі, судья, ақпараттық технологиялар, цифрлық сауаттылық, цифрлық дағды, цифрлық платформа

Аңдатпа

Мақалада сот төрелігінің цифрлық трансформациясы жағдайында судьяларға цифрлық білім беруді қалыптастыру және дамыту аспектілері қарастырылды. Цифрлық оқыту, цифрлық сауаттылық және судьялардың цифрлық құзыреттілігін дамыту сияқты негізгі аспектілер өзекті деп санаймыз. Бұл зерттеуде цифрландыру ауқымының әсерін бағалау және сот жүйесінің онлайн-форматқа көшуі мәселелері қозғалды. Судьяның кәсіби қызметі қазіргі уақытта сот ісін жүргізудің дәстүрлі тәсілімен де, жетілген ақпараттық технологиялардың көмегімен де қалыптасуда. Осыған байланысты цифрлық технологиялар маңызды міндеттерді орындайтыны сөзсіз. Судьялардың цифрлық сауаттылығын қалыптастырудағы шешуші рөлді сот практикасы нәтижесінде қалыптасқан тәжірибе ғана емес, сонымен қатар алынған цифрлық дағдылар, сондай-ақ ұйымдастырылған цифрлық құралдар да орындайды. 
Мақалада сонымен қатар соттарды цифрландыру процестерімен байланысты бірқатар терминдерге, анықтамаларға теориялық талдау жасалды. Біздің ойымызша, цифрлық сауаттылық, цифрлық мәдениет, цифрлық этика негізгі ұғымдар болып табылады. Сот төрелігін цифрландыруды зерттеу шетелдік және қазақстандық авторлардың назарын аударады. Зерттелетін тақырыптың ауқымдығын түсіне отырып, кейбір проблемаларды, атап айтқанда, соттарды цифрландыру процестерін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, әзірленген цифрлық сервистер мен платформалардың ыңғайлылығын бағалау, цифрлық қауіпсіздік пен азаматтардың дербес деректеріне ашық қол жеткізудің тетіктерінің бар-жоғын қарастырған жөн деп санаймыз. 
Осы мақсатта соттардың цифрлық платформалары зерттеледі, сонымен қатар қазіргі судьяларға сауалнама жүргізілді. Мақалада келтірілген нәтижелер негізінде қорытындылар жасалды және ұсыныстар берілді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Eгежанова Д. . (2023). Cудьялардың цифрлық білімін дамыту мен жетілдірудің кейбір мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 143(2), 21–31. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-143-2-21-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи