Қоғамды цифрландыру және ақпараттандыру конституциялық құндылықтарды өзгертудің триггерлері ретінде


Қаралымдар: 86 / PDF жүктеулері: 66

Авторлар

  • Н. Сәулен
  • Е.С. Жамбаев
  • А.Н. Сагадиев

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-140-3-32-46

Аңдатпа

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның президенті Клаус Швабтың бір аттас кітабында технологиялық прогреске төртінші өнеркәсіптік революция себеп болды және ақпарат ол жерде басты маңызды рөл атқарды, ол қоғамдық өмірді барлық жағынан болмаса да, оны жан-жақты тез және әрі қарай өзгертетіні анық және адамзат тарихында мұндай технологиялық даму деңгейін ешкім көрмеген және бұрын-соңды болмағаны күмәнсіз деп жарияланған. Осыған орай ақпараттық және цифрлық алаңда туындайтын жаңа құқықтық қатынастарды зерттеудің өзектілігі күмән тудырмайды. Осы мақаланың мақсаты – әркімнің жеке өмірге құқығы, телефонмен еркін қауіпсіз сөйлесу және тағы басқа да құқығы жайында, сонымен қатар әр адамның заң жүзінде шексіз еркін ақпарат таратып ақпарат алу құқығы сияқты конституциялық құндылықтардың трансформациясына цифрландыру мен ақпараттандырудың қазіргі кездегі жағдайы мен әсерін зерттеу болып табылады. Зерделеу барысында үш нәтижеге қол жеткіздік, біздің ойымызша, солардың ішіндегі ең маңыздысы, тиісті құқықтық актіні дамытып дайындау және құқықтық айналымға «Ақпаратты пайдалану ережелері» (ақпараттық диета) деген ұғымды енгізу қажеттігі туралы ұсыныс, ол біз ойлағандай, бейінді мамандарды, соның ішінде медицина ғылымдарының
қызметкерлерін тарта отырып, одан әрі толық зерттеу мен талқылауды қажет етеді деп санаймыз. Клаус Швабтың пайымдауына сүйенсек, біз әркімнің жеке өміріне, жеке құпиясына, телефон арқылы сөйлесу құпиясына және т.б. сияқты конституциялық құндылықтардың қысқа мерзімде мүлдем жойылып кетуі мүмкін деген қорытындыға келіп отырмыз.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сәулен, Н. ., Жамбаев, Е. ., & Сагадиев, А. . (2022). Қоғамды цифрландыру және ақпараттандыру конституциялық құндылықтарды өзгертудің триггерлері ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 140(3), 32–46. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-140-3-32-46

Журналдың саны

Бөлім

Статьи