История исследования оседлой культуры Сарыарки в XIII-XІV (XV) вв.

Авторы

  • G. Bilyalova Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Казахстан, г. Астана http://orcid.org/0000-0003-1696-6144

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.15

Аннотация

Мақалада Сарыарқаның XIII-XІV (XV) ғғ. отырықшы мәдениетінің зерттелу тарихы баяндалады. Археологиялық нысандардың көп кездесетін түрі – Алтын Орда кезеңінің ортағасырлық қалалары.

Сарыарқаның ортағасырлық отырықшы мәдениетін зерттеуде үш кезеңді бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең ХХ ғасырдың екінші жартысын қамтиды. 1946 жылдан Ә.Х. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі Дешті-Қыпшақтың отырықшы мәдениетін зерттеу болады. Сарыарқаның ортағасырлық отырықшы мәдениетін зерттеудің екінші кезеңіне Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Ж.Е. Смаилов жетекшілік жасаған жаңадан құрылып жатқан отрядының зерттеулері жатады.

Сарыарқаның ортағасырлық отырықшы мәдениетін зерттеудің үшінші кезеңі қазіргі кезеңде басталды. Қазақстанда ортағасырлық қалалар мен некропольдердің кең көлемде қазбалары жүргізілді. Сарыарқаның барлық дерлік нысанында күйдірілген кірпіштен салынған кесенелер ашылып, зерттелуде. Қасбеттер мен құлпытастардың декорында әйнекей плиткалар мен өсімдік және геометриялық ою-өрнектері бар көркемқыш (майоликтер) қолданылады. Архитектуралық ерекшеліктеріне қарай кесенелер XIV-XV ғғ. мерзімделеді. Сәйкесінше, Қазақстан территориясында қалақұрылысының қарқынды дамуы мен ортағасырлық мәдениеттің гүлденуі осы кезеңге келеді.

Загрузки

Опубликован

2023-09-20

Выпуск

Раздел

Раздел 3 Aрхеология и этнология